Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
27 ақпан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді.
Мектеп асханасында қараша айында 181 білім алушы тегін, қалған оқушы ата – ананың есебінен тамақтанды. Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Тағам ас мәзіріне сәйкес, бәрі нормаға сай беріледі. Дайындалған тағамның сапасы жақсы, дәмді. Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтайды. Тоңазытқыш – технологиялық жабдықтар жақсы жұмыс істеп тур, тауар көршілестігі сақталуда. Келген азық түлік сапасы жақсы, жарамдылық мерзімі сақталады.
Ауыз су режимі сақталады. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген.
Тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыс бар.
Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термометрлер бар.
Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Аспазшылар қағаз сүлгілер пайдаланады.