Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп гимназиясында 1- Наурыз Алғыс айту күніне орай өткен жиынның ақпараты.
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп гимназиясында 1- Наурыз Алғыс айту күніне орай өткен жиынның ақпараты.
2 наурыз күні мектебімізде 1- Наурыз Алғыс айту күніне орай жиын өтті. Жиынға қамқоршылық кеңесінің төрағасы Зарипов М.С. және қамқоршылық кеңесінің мүшесі Кармаев П.П. қонаққа келді. Құттықтау сөзді бірінші болып мектебіміздің түлегі Жексенбі Ринат мектеп директорына және мұғалімдерге өз тілегін білдіріп, мектеп оқушылары атынан алғысын айтты. Сөз кезегін мектебіміздің директоры Г.Е.Тлеубердиеваға берілді. Өз сөзінде оқушылар мен мұғалімдерге алғысын білдіріп, тек биік шыңдардан көрінулеріне және мектебімізді Республика көлемінде ғана емес әлемге танытуларына лебізін білдірді. Келесі сөз кезегі мектеп қонақтарына берілді. «Жыл оқушысы» байқауының жүлдегері 11 «Ә» сынып оқушысы Асантаев Абылайды және оның өнерлі сыныптастары «Қазақстан» әнімен орындаса 3 «Ә» сыныбының оқушылары «Домбыра» биін биледі.10 «Г» сынып оқушылары Орыс биін билесе, әр ұлттан құрылған оқушылары «Мен қазақтың ұлымын!» әнімен аяқтап, жиын өз мәресіне жетті
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп гимназиясында 1- Наурыз Алғыс айту күніне орай өткен жиынның ақпараты.
2 наурыз күні мектебімізде 1- Наурыз Алғыс айту күніне орай мерекелік іс – шара өтті. 4 «Ж» сынып жетекшісі Ярных Н.И. ұйымдастыруымен 4 сынып аралығындағы оқушылар арасында концерттік бағдарлама өтті. 4 «К» сыныптың «Жаса Қазақстан», 4 «Ж» сынып «Доброта», 4 «И» сыныбы «Дружба», 4 «Д» сынып «Ата мекен» әндерін орындап шықса, 4 «В» сынып оқушылары «Весеннии» вальсін билесе, 4 «К» сынып оқушылары Өзбек биін, 4 «Ж» сынып «Танцуй добро» флешмоб биін биледі. Концерт соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ю.М.Ярныхқа берілді. Өз сөзінде Алғыс күнімен құттықтап, мектеп мұғалімдері мен ата – аналарға алғысын білдірді.