«Наурызым-мерекем, Наурызым-берекем»
Ақпарат
13 наурызда 3 «А» сыныбы кинозалда Наурыз мерекесіне арналған
« Наурызым -мерекем, Наурызым - берекем» атты ертеңгілік өткізді.
Кинозал шарлармен әсем безендірілген, әсем әуендер, интербелсенді тақтадан
Наурыз мерекесіне арналған суреттер қанатты сөздер салт-дәстүрге арналған көркем сөздер көрініс алды.
Ертеңгілікке 2-3 сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, ұстаздар қатысты. Ертеңгілік мұғалімнің құттықтау сөзімен басталды. Ертеңгілікті Оксыбай Алихан мен Марат Жанерке жүргізді.
Оқушылар Наурыз мерекесіндегі салт-дәстүрлерге байланысты мәнді
мағыналы тақпақтар айтты. «Сәлемдесу» түрлерінен, « Жарасып тұр дәстүрім» атты көріністер көрсетті.
Мерекеге байланысты « Наурыз-көктем», « Анажаным», «Көктем келді» ,
«Құтты болсын әз- Наурыз» атты хор орындалды.
Қыдыр баба ақ батасын берді. Қазақ биі « Көңіл ашар» , «Испан» биі , қырғыздың «Бақташылар» биі , «Бәйшешек» биі көрермендердің көңілінен шықты.
Ұлттық ойындардан « Бүркіт» ойыны ойналды.
Ата-аналардың ұйымдастыруымен «Тұсау кесер» рәсімі көрсетілді. Кәде сыйлары тапсырылды. Шашу шашылып көрермендерді қуантып тастады.
Әуезді әндер де көрермендердің көңілін көтерді. Атап айтсақ домбырамен халық әні « Гүлдерайды» орындаған Қабылтай Нұрсая, « Бақытты қарсы алайық» әнімен Асылхан Айзере, « Наурыз» әнімен Марат Жанерке, «Ұлы дала» әнімен Оксыбай Алихан, «Бәйге» әнімен Байболсын Нұрислам, «Мереке» әнімен Алғабек Жансезім әндерді нақышына келтіріп орындады.
Ертеңгілік соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира
Бектұрғанқызы мерекемен құттықтап, ертеңгіліктің өту барысын бағалай отырып,
қорытындылап оқушыларға, ата-аналарға, сынып жетекшісіне алғысын білдірді.