18
январь
2023
«Белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту»
Қаңтардың 17 күні орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын пәндерінің айлығына сәйкес пән мұғалімі Н.У.Каймалакова «Белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыбында шебер сыныбын өткізді. Шеберлік сыныпта ұстаз оқу материалын игеру барысында оқушыларды белсенді ойлауға және тәжірибе жасауға шақыратын белсенді оқыту әдістері мен тәсілдерін өзінің тәжірибесінен көрсетті. Әр әдіс, тәсілдің оқу мақсатына қарай таңдалуы, оның оқушылардың жоғары ойлау қабілеттерін дамытуға бағыттауы, бағалау дескрипторларының болуы, сондай-ақ, сандық ресурстардың тиімді пайдалануы көрсетілді. Қатысушыларға mentimeter, padlet, learningapps цифрлық платформаларда дайындалған тапсырмалар ұсынылды. Жобалық әдістер, әдебиеттік веб-квест, конус Дейла, инфографика, графикалық органайзерлер, сыни ойлауға бағытталған тәсілдерді ұстаз көрсетіп, бірнешесін қатысушылармен бірге жасады. Мектеп мұғалімдері қызығушылықпен іс-шараға қатысып, өз қоржындарын белсенді әдіс-тәсілдермен толықтырды.