25
апрель
2022
Көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру пәндері әдістемелік бірлестіктің айлығы
Көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру пәндері әдістемелік бірлестіктің айлығын өткізу барысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бегалиев.Б.Д. 3 "З" сыныбымен "Ойын жағдайында сыни ойлауды дамыту" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: өзінің шығармашылық тапсырмаларын конструктивті ұсыныстар туралы алынған білімді пайдалану және қолдану. Сабақта оқушыларды техника қауіпсіздік ережесімен таныстырды. "Тізбектелген", "Топтық" белсенді әдістері арқылы оқушыларды топқа бөліп, ережеге сәйкес ойын ойнатты. Сабақ соңында қалыптастырушы бағалау жүргізіліп, оқушылар бір-бірімен ауызша кері байланыс жасады. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Умаркулов Н. 4"З" сыныбымен " Қазақтың ұлттық ойындары" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: оқушыларға ұмытылып бара жатқан қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушыларды топқа бөліп "Ой қозғау" әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар қойылды. Оқушыларды 2 топқа бөліп, жұптық және топтық жұмыстар жүргізілді.
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Тыныбеков С.С. 6"Д" сыныбымен "Электрическая цепь" такырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: оқушыларға электр схемасын құрастыруды үйрету. Оқушыларды фигуралар арқылы екі топқа бөліп, "Бүркіт, Сұңқар" атаулары берілді. Топтық жұмыста оқушылар электр тізбегін құрастыруға арналған тапсырмаларды орындады. Қозғалтқыш арқылы электр схемасын құрастырды. Сабақ барысында жүргізілген әдіс- тәсілдер арқылы мұғалім оқушылардың білімін бағалап, кері байланыс жасады.