25
апрель
2022
Lене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ақшалов С.Б. 5 "З" сыныбымен "Дәстүрлі қазақтың ойындары" ашық сабағын өткізді.
"Бүгінгі жас маман- болашақ білікті ұстаз" тақырыбында өтіп жатқан жас мамандар онкүндігінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ақшалов С.Б. 5 "З" сыныбымен "Дәстүрлі қазақтың ойындары" ашық сабағын өткізді. Мақсаты: оқушылардың қимыл- қозғалыс қабілеттерін дамыту. Сабақта "Тізбектелген", "Топтық" белсенді әдістері арқылы оқушыларды топқа бөліп ережеге сәйкес ойын ойнатты. Оқушылар қазақтың ұлттық ойындары арқан, көкпар туралы көптеген мәліметтер алды. Оқушыларға "арқан тартыс" ережелері түсіндіріліп, оларды топқа спорттық құрал- жабдықтарды таңдау барысында екіге бөлді. Топтарға көкпар ойынының ережесі түсіндірілді. Сабақты қорытындылауда әр оқушының қоржынындағы асықтарын өздеріне санату арқылы ұпай сандарын айтып, оқушыларды марапаттады. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Сулейманов Е.А. "Футбол. Айып добын теуіп үйрену" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, батылдық дағдыларын қалыптастыру. Окушыларды сабақ барысында жалпы дамыту жаттығулары: жүру, жүгіру, жылдамдықты арттыру жаттығулары мен кедергілер арасымен жүгіру, кординаттық сатымен жасалатын жаттығуларымен таныстырып өтті. Допты әріптесіне аяқтың ұшымен теуіп беру, аяқтың ішімен теуіп беру, аяқтың сыртқы қырымен теуіп беру, пеналит орындау, айып добын орындау кезіндегі іс -қимылдарына назар аударды. Оқушылармен қалыптастырушы бағалау жүргізіп, кері байланыс жасады.