09.12.2022 Қамқоршылық кеңес отырысы » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 09.12.2022 Қамқоршылық кеңес отырысы
23
декабрь
2022

09.12.2022 Қамқоршылық кеңес отырысы

09.12.2022  Қамқоршылық кеңес отырысы


Күн тәртібінде: 

1. Жаңа жылдық ертеңгіліктерді өткізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №4-04-02/1680-И хатымен танысу.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрағасы А.А.Ахметжанов сөз алып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №4-04-02/1680-И хатына сәйкес, Меркі ауданы білім бөлімінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы №1256 хатына сәйкес Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шараларды ағымдағы жылғы 27-29 желтоқсан аралығында мектеп қабырғасында ғана өткізілуі қажет екендігін, педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында: іс-шара өткізуге аниматорлар, мерекелік агенттіктер, жеке студияларды тартуға, жаңа жыл мерекесін сән-салтанатты өткізуге, салтанатты дастархан ұйымдастыруға, әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерге сыйлықтарға ақшалай қаражат жинауға жол беру болмайтындығын, жаңа жыл мерекесін мейрамханаларда, кафелерде және басқа көңіл көтеретін орындарда өткізуге тыйым салынатындығын, сонымен қатар, оқушылардың денсаулығына қауіпті жағдайлар мен олардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік қатаң түрде сақталуы керектігі туралы, сонымен қатар нұсқаулық бойынша ғимаратта от жағуға, петарда мен бенгал шамдарын қолдануға және от шашу, атуға, пиротехникалық құралдарды қолдануға болмайтындығы, оның ішінде қолдан жасалған пиротехникалық құралдарды пайдалануға және іс-шараға өткір, тесетін заттарды әкелуге тыйым салынатынын, мектеп оқушыларының сынып жетекшісінің нұсқаулығын орындауы қажет және жаңа жылдық іс-шаралар кезінде әдетті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігі туралы айтып өтті.  

Шешімі: 

1.Жаңа жыл мерекесі мектеп қабырғасында өткізілсін.

2.1-11 сынып жетекшілері тарапынан ата-аналар жиналысы өткізілсін, ата-аналар қоғамдастығын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мектепте жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізу туралы хатымен таныстырылсын, қауіпсіздік ережелері сақталынсын, ата-аналар тарапынан ақша жинауды ұйымдастыру мен мәжбүрлеу болмасын.

Хатшы: Ф.Т.Рахметова   


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив