Қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілді. » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілді.
10
январь
2022

Қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілді.

Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

«Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


10.01.2022 Қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілді. 

Қаралған мәселелер: 1. Мектеп жанында құрылған Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын құру, бекітуге ұсыну. 2.Қамқоршылық кеңесінің мақсаты, бағыттары, функцияларымен таныстыру.

1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрағасы М.С.Зарипов өз сөзінде жыл басында Қамқоршылық кеңесі жаңа жоспар құрып, өз жұмысын жалғастыратынын, кеңес мүшелері өзгермегендігін, алдағы уақытта қамқоршылық кеңес жұмысы өз деңгейінде жүру керектігін және қамқоршылық кеңестің мақсаты мен міндеті туралы айтып өтті. Сонымен қатар Қамқоршылық кеңес төрағасы М.С.Зарипов қамқоршылық кеңесі жұмысының бағыттарымен, функцияларымен де таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесінің бағыттары: білім беру, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс-шараларға көмек көрсету. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыс жағдайлары мен жұмыспен қамтылуын жақсартуы туралы айтып өтті. 

2. Екінші мәселе бойынша қамқоршылық төрағасы М.С.Зарипов қамқоршылық кеңестің мақсаты мен міндеті туралы таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңестің мақсаты:білім беру ұйымына қолдау көрсету,қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық –техникалық базасының нығайуына септесу,сондай-ақ ,оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу екенін айтты. Қамқоршылық кеңесі жұмысының бағыттарымен функцияларымен де таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесінің бағыттары: білім беру, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс-шараларға көмек көрсету. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыс жағдайларымен мен жұмыспен қамтылуын жақсарту. Білім беру ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу мен білім беру ұйымы басшылығының қамқорлық кеңесі алдындағы есебін тыңдап қабылдау керектігі туралы айтты.

Шешім қабылданды: 1. Қамқоршылық кеңестің жұмысын одан әрі жандандыру, қайырымдылық жұмыстарын жүргізу алға қойылуы керектігі. 2.Мектептің материалдық базасының нығаюына үлестерін қосу, оның қызметіне бақылау жүргізу қамқорлық кеңесінің мүшелеріне жүктелетіндігі.








Рахметова Ф.Т.

10.01.2022


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив