Қамқоршылық кеңесінің отырысы
Қамқоршылық кеңесінің отырысы
Қаралған мәселе: «Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 және Меркі аудандық білім бөлімі басшысының 2022 жылғы 10 наурыздағы №105-Ө бұйрықтарына сәйкес Қамқоршылар кеңесі мүшелерінің аталған ұйымға өкілеттік мерзімін ұзарту мәселесі.
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес төрағасы М.С.Зарипов ашып беріп, қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен таныстырып, кеңес мүшелерінің аталған ұйымға өкілеттік мерзімін ұзартуға арналған Меркі аудандық білім бөлімі басшылығының 2022 жылғы 10 наурыздағы №105-ө бұйрығымен таныстырды. Кеңес мүшелерінің аталған ұйымға өкілеттілік мерзімі талқыланып, ашық дауыс беру нәтижесінде кеңес М.С.Зариповты төрағалық өкілеттілік мерзімін 3 (үш) жылға, 2020 жылдың 11 наурызына дейін созды. Кеңес мүшелерінің де ұйымға өкілеттілігі өз келісімдерімен 3 жылдық мерзімге ұзартылды.
Шешім қабылданды: Иван Трубицын атындағы №17 жоббмг жанында құрылған қамқоршылық кеңесі алдағы 3 жылдық мерзімде бекітілген құрамда қызметін жалғыстырылуы.
Рахметова Ф.Т.
11.03.2022