Қамқоршылық кеңес отырысы » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2022

Қамқоршылық кеңес отырысы

Күн тәртібінде: 1. Қамқоршылық кеңес төрағасын және кеңес мүшелері құрамын қайта сайлау. 2.Қамқоршылық кеңесінің мақсаты, бағыттары, функцияларымен таныстыру.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрағасы М.С.Зарипов өз сөзінде жыл басында Қамқоршылық кеңесі жаңа жоспар құрып, өз жұмысын жалғастырғандығын, қамқоршылық кеңес жұмысы өз деңгейінде жүргізілгендігін, ендігі уақытта денсаулығына байланысты қамқоршылық кеңес құрамынан шығатындығын, кеңес мүшелері де М.Р.Бурибаев, А.А.Ахметова, С.К.Рахимбаева, Ш.К.Джуппаева, Н.С.Кармаева, С.К.Кыпшакбаев отбасылық жағдайлары мен денсаулықтарына байланысты кеңес мүшелігінен өз еріктерімен шығарылатындығын айтып өтті. Кеңес төрағалығына жаңадан Мамедов Аужан Молдахметович кеңес мүшелерінің қолдауымен сайланды. Кеңес мүшеліктеріне Ахметжанов Абылай Азимханович, Иванов Николай Владимирович, Каримова Дилшада Саидовна, Хасанов Ислам Амишеевич, Алиев Амир-Аслан Байрамович, Коктеубаев Улан Жолдасбекович, Кульбаев Жанибек Базарбаевич өз келісімдері бойынша сайланды. 

Екінші мәселе бойынша да М.С.Зарипов кеңес мүшелерін қамқоршылық кеңесінің мақсаты, бағыттары, фукнцияларымен, жұмыс жоспарымен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңестің жұмысын одан әрі жандандыру, қайырымдылық жұмыстарын жүргізу алға қойылуы керектігі, білім беру ұйымына қолдау көрсету, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық-техникалық базасының нығаюына септесу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу керек екендігі кеңес мүшелеріне айтылып өтті. Жаңа қамқоршылық кеңес мүшелеріне сонымен қатар жұмыстарына табыс, отбасыларына береке берсін деп тілек білдіріп өз сөзін аяқтады. 

Шешімі: Қамқоршылық кеңес жұмысы өз деңгейінде жүргізіліп, мектептің материалдық базасының нығаюына үлесі қосылсын, оның қызметіне бақылау жүргізу қамқорлық кеңесінің мүшелеріне жүктелсін.

  1. Кеңес мүшелері төмендегі ретпен бекітілді:


Кеңес мүшелерінің аты-жөні

Жұмыс орны, лауазымы

1

Мамедов Аужан Молдахметович

Ата-ана, АҚ «Халық банк» басқарушысы, төрағасы 

2

Ахметжанов Абылай Азимханович

Аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы, кеңес мүшесі

3

Иванов Николай Владимирович

Әскери взвод командирі, кеңес мүшесі 

4

Каримова Дилшада Саидовна 

Жеке кәсіпкер, кеңес мүшесі 

5

Хасанов Ислам Амишеевич

Жеке кәсіпкер, кеңес мүшесі 

6

Алиев Амир-Аслан Байрамович

«Керуен» сауда үйі, жалдамалы жұмыс,кеңес мүшесі 

7

Омиралиева Жазира Жумахановна

Ата-ана, «Үміт» сарайы хореограф, кеңес мүшесі 

8

Коктеубаев Улан Жолдасбекович

Аудандық аурухана, дәрігері, кеңес мүшесі 

9

Кульбаев Жанибек Базарбаевич

Банк Центр кредит, бөлім     директоры, кеңес мүшесі 


  1. Қамқоршылық кеңесі алдағы 3 жылдық мерзімге бекітілген құрамда өз қызметін жалғастырсын.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив