Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
20 желтоқсан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды.
Тексеру нәтижесінде асханада ауыз су режимі сақталатыны анықталды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 3-тарау 28 тармағында көрсетілген «Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі» талаптары уақытылы орындалады. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген.
Мектеп асханасының кіреберісінде қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер орнатылған. Білім алушыларға арналған қол жуатын 10 орын бар. Тексеру барысында 1 су бұру жүйесі істен шыққан. Ас блогында ыдыс жуатын су бұру жүйелерінің бәрі істеп тур. Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған.
Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термометрлер бар. Бірақ, тексеру барысында сүт өнімдері мен көкөністер бір сөреде қатар қойылған. Өнімдерді сақтау режимі ескерілмеген.
Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Аспазшылар қағаз сүлгілер пайдаланады.
Мектептің материалдық базасында персоналдарға арналған душ қарастырылмаған.