Қамқоршылық кеңесінің отырысы
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
20.05. 2022. Қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілді.
Қаралған мәселелер: 1. Мектеп директоры Г.Е.Тлеубердиеваның 2021-2022 оқу жылында атқарылған қорытынды есебі. 2. Соңғы қоңырау және ҰБТ. 3. Мектеп оқушыларының жазғы демалысы, сауықтырылуы.
1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Г.Е.Тлеубердиева сөз алып, өз сөзінде 2021-2022 оқу жылының қорытынды есебі, атап айтқанда мектепте бүгінгі таңда 219 мұғалім, 51 кіші қызметкер жұмыс жасайтынын, жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, педагогтік қызметте жекелеген бір диагностикаланған, сараланған негізде ғылыми-әдістемелік көмек көрсетілетінін, осындай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мектепте магистрлер-4, педагог-шебер -6, педагог-зерттеуші -59, педагог-эксперт -40, педагог-модератор -31 мұғалім жұмыс істейді деп атап өтті. Сонымен қатар педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру, жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар даярлау сияқты бірқатар міндеттерді шешу мақсатында өткен оқу жылында 98 пайызы даярлық курсынан өткендігін айтып өтті. Оқу және оқыту тәжірибесінде орын алған өзгерістердің дәлелі, сондай-ақ мектепте өзгерістердің нәтижелі болуы, оқушылардың білім сапасының көтерілуіне және пәндерді оқуға деген қызығушылығын артуына әсер ететіні сөзсіз, осылайша оқушылардың зияткерлік байқауларға, конкурстарға, ғылыми жобалар, олимпиадаларға қатысу үлесінін өскендігін деп атап өтті. Сонымен қатар өз сөзінде, жыл ішінде арыз-шағымдардың болмағандығы, ұжымдағы бірліктің, ауызбіршіліктің дәлелі, «Ұстаз шәкіртімен мақтанады» демекші шәкірттеріміздің жеңістері біздің еңбектеріміздің ақталғаны. Ұстаз өнегесімен, білімімен, сөзімен, жүріс-тұрысымен ғана ұстаз. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар арасында да түсінушілік, ынтымақтастық, сыйластық бірінші кезекте орын алуы тиіс деп ойлаймын. Ұжымдағы ынтымақтастық пен түсінушілік өз жемісін беруде. Соның дәлелі мектепте 1 – «Құрмет» орденінің, 2 – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, 2- «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», 2- «Ыбырай Алтынсарин белгісінің иегері», 3-«ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісінің иегерлері білімді, білікті, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде өз үлестерін қосуда деп атап көрсетті.
2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп директоры Г.Е.Тлеубердиева соңғы қоңырау 25 мамыр күні болатынын, соңғы қоңыраудан кейін сынып сағаттарының өтетіндігін, биыл 11 сыныпты 111 түлек бітіретіндігін, тест тапсыруға 85 білім алушы баратындығын, аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру 2022 жылдың 16-17 маусымы аралығында білім беру ұйымының қабырғасында өтетінін, мектептің әкімшілігі және қамқоршылық кеңесі ата-аналармен мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар үшін қаражат жинауға, мектеп шараларын ұйымдастыру барысында қаражат жинауға, мерекелік дастархандарды ұйымдастыруға, көлік жалдау арқылы аудан ішінде экскурсия жасауға, мектеп бітіруші түлектерге арналған кештің болмайтындығы жөнінде ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет, енді ҰБТ қорытындысы бойынша әр мектеп, облыс, тіпті пән бойынша талдау жасап, оны мектептердің жұмысын бағалау үшін пайдаланылатынын, түлек тестілеуді аяқтағаннан кейін жинаған ұпайларының нәтижесін ғана емес, сонымен қатар қандай тақырыптарды білетіні және қайсысына көңіл бөлу қажет екені туралы қосымша талдау алынатындығын, бұл тәсіл мұғалімдерге оқушылардың қандай тақырыптарда қиналғанын көруіне мүмкіндік беретінін, түлектер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік алып отырғанын, бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететіндігін айтып өтті.
3. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ю.М.Ярных сөз алып, өз сөзінде оқушылардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүргізілетінін, мектеп жанындағы сауықтыру «Балауса» лагері өз жұмысын 1 маусымнан бастап, 20 маусымда аяқталатынын, 2 ауысымда жұмыс істейтінін, ондағы 1 ауысым: 1 маусым мен 9 маусым аралығында, 2 ауысым: 10 маусым мен 20 маусым аралығында болатынын айтып өтті. Сонымен қатар ө сөзінде бірінші кезекте жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларының, мүгедек және даму мүмкіндігі шектеулі балалардың демалуын және сауықтырылуын қамтамасыз ету керек екендігін, жазғы каникулда оқушылардың өмір қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, оқушылар арасында және оларға қарсы құқықбұзушылықтың алдын алу және жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын жетілдіру туралы тоқталып өтті. Білім алушылардың жазғы демалыс мезгіліндегі өмір қауіпсіздігін сақтауда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру керек екендігін айтып өтті.
Шешім қабылданды: 1. Мектеп директоры Г.Е.Тлеубердиеваның 2021-2021 оқу жылы барысындағы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі «жақсы» деп бағалансын. 2. Мектеп бітіру кешіндегі іс-шаралардың өткізілуі түлектердің ата-аналарынан, мұғалімдерден мектеп шараларын өткізуге байланысты қаражат жиналмауы қатаң бақылауға алынсын. 3. Мектеп жанындағы лагерь көрсетілген мерзімде өткізіліп, өз деңгейінде жүргізілсін. Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында демалыс күндерінде балалардың іс-әрекеті, балалардың өмірі мен қауіпсіздігі ата-аналар жауапкершілігіне алынсын.