21
декабрь
2018
Мектебіміздің үздік көшбасшылары.
Мектебіміздің үздік көшбасшылары.
Қазақ: «Болар бала он бесінде баспын дер!»- деген екен. Елдің өрлеуі мен құлдырауын да сол өскелең ұрпақтың қызу да, арынды жастардың деңгейі, ойлау дәрежесімен бағамданған.
Мақсаты: «Көшбасшылар мектебі» - көшбасшылық қасиеттерін дамыту, жеке тұлғалық және іскерлік нәтижелігін көтеру мақсатында жаңа интерактивти оқыту әдістерін қолдану арқылы оқыту жобасы.
Міндеті: Мектебіміздің үздік оқушыларын жан-жақтылыққа, ізденіске, алдыларына талап қойып, соны жүзеге асыруға дағдылау. Шебер сөйлейтін, ұшқыр ойлайтын, қандай қиын жағдай болмасын сытылып жол табатын жандарды қалыптастыру.
Мен, Ерікқызы Гүлзира 2017-2018 оқу жылында «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Көшбасшылар мектебінің» жетекшісі болып тағайындалдым. Шебер сөйлейтін, ұшқыр ойлайтын, қандай қиын жағдай болмасын сытылып жол табатын жандарды көпшілік көшбасшы дейді. Әрине, бұндай жандар біздің мектепте де бар. 2016-2017 оқу жылынан бастап Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп гимназиясында, яғни, біздің мектепте «Көшбасшылар мектебі» ұйымы құрылды. Талабы бірдей оқушыларды бір ғана мақсат біріктіреді. «Ең үлкен жеңіс- өзіңді жеңу» деп Әл-Фараби айтпақшы ұйым алдымен өз-өзін басқаруға, кәсіби шығармашыл белестерді бағындыруға деген жігеріңді шыңдайды. Осы мақсатта аудан көлемінде мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс, пікір-сайыс жарыстары ұйымдастырылып отырады
Қыркүйектің 20-шы жұлдызында Меркі ауданындағы Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясында «Мәңгілік Ел» бағдарламасы аясында құрылған «Көшбасшылар» ұйымының жаңа құрамымен таныстыруына орай инаугурация кеші өтті. Инаугурацияға «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының қосымша білім беру педагогы Байбульдекова Ж.С, «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының директоры Алимбеков М.И кеш қонақтары болды. Байбульдекова Ж.С мен Алимбеков М.И сөзкезегі беріліп, оқушыларға «Көшбасшылар» ұйымының куәлігін табыс етті. Өз кезегінде ұйым мүшесі атанған оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Инаугурация кеші үш тілде жүргізіліп, кеш барысында ұйым мүшелері проза мен үштілде патриоттық өлең жолдарын оқыды, қазақтың ұлттық биі – «Қамажай» биін биледі, екі оқушы ансамбльде «Еркесылқым» күйін орындады, оқушар «көшбасшықандай болу керек?» деген сұрақтың жауабын көрініс арқылы көрсетіп, ұйымның жаңа көшбасшысын сайлады, әнші ұлдар бірнеше патриоттық рухтағы әндер орындады, ұйымның 2017-2018 оқу жылындағы көшбасшысы сөз сөйлеп, бір жыл ішінде жеткен жетістіктері мен көрсеткіштерін көрсету мақсатында слайд – шоу жасады. Инаугурация 1 сағатқа созылды. Осы инаугурация кешінің концерттік бағдарламасынан «Көшбасшылар» ұйымына тек талантты жастар жиналғанын байқаймыз. Нәтижесінде, ұйымға 25 оқушы мүшеболып, көшбасшысы – Жадыра Ұлмекен сайланды, ал «Көшбасшылар» ұйымының жетекшісі – Ерікқызы Гүлзира тағайындалды.
Бүгінде біздің «Көшбасшылар мектебінде» қанжығаға байлар жеңістеріміз көп. Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында өткен «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» тақырыбында эссе байқауына №17 Иван Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп гимназиясының 9 «Ә» Түркменбай Дильназ қатысып 2 орынға иеленді. Сондай-ақ, 9 «Ә» Бердалы Сабина алғыс хатпен марапатталды.
«Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың қыркүйек айынының 28 күні сағат 10:00 де аудандық орталық кітапхана базасында «Туған тілім қазынам, алтын кеңім» атты көркем сөз оқуларына ( өзге ұлт өкілдерімен) Ветрова Алина мен Дубовец Анна қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
Тапалов Димаш Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖББМГ «Ғасыр көшбасшысы» атты жарысқа қатысып жүлделі орынға ие болды.
А.Байтұрсынұлының туған күніне орай Меркі кітапханасында ұйымдастырылған мерекелік кеште біздің қыздарымыз Жексембиева Ұлғаным, Түркменбай Дильназ, Құдайберген Альбина, Базарбай Камила өлеңдерін оқыды. Сурет байқауында Тұрсын Жания 3орын алды. «Тәуелсіз ел- тұғырың сенің биікте» атты аудандық эссе байқауында Кеңесбек Ұлжан 2 орынға ие болды.
what foods have aluminum in them
Шабден Алуа «Шырқа даусым» байқауында 2 орынмен оралды.
Исабекқызы Еркеназ «Туған жерге тағзым» тақырыбында өткен аудандық ғылыми жобаға қатысып, 2 орын иеленді.
«Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі» атты бүктеме байқауы.
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп гимназиясының география пәнінінің мұғалімі Ерікқызы Гүлзира «Үздік көшбасшы жетекші- 2018» атты аудандық байқауға қатысып, бас жүлдені жеңіп алып, дипломмен марапатталды.
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылыдың 27 қазан күні №48 жалпы білім беретін мектеп базасында «Мәңгілік Ел бастауы-рухани жаңғыру» атты аудандық оқушылар арасындағы пікір сайыс байқауы өтті. Турнирдің негізгі мақсаты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында оқушыладың арасында білімді, білікті, тапқыр, ұшқыр ойлы, өз ойын жақсы дәлелдей білетін азаматтар даярлау, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ықпал ету, пікірсайысшылар өзара тәжірибе алмастыруына, оларды жаңа ұсыныстар мен идеялар қалыптастыруына баулу. Пікір сайысқа 8-10 сынып оқушылары қатысып, шамамен 20 мектеп сайысқа түсті.Ойын Америкалық-парламенттік форматта (АПФ)өтті. Турнир қазақ тілінде жүргізілді.Біздің мектептен 4 оқушы, яғни «Самға» және «Жалын» атты 2 команда қатысты. Бірінші турда №48 және №20 мектептермен пікірсайысып «Жалын» фракциясы №20 мектепті жеңді. Екінші турда №9 мектебіменсайысқа түсіп, жеңісті еншіледі, алайда үшінші турда №44 мектеппен сайысып, жеңіліс тапты. Нәтижесінде «Жалын» тобы Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында ұтымды пікір айта білген көшбасшы тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған «Мәңгілік Ел бастауы -рухани жаңғыру» атты пікірсайыс турнирінде «Үздік команда» номинациясымен марапатталды. «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен пікірсайыстан оқушылар тәжірибе жинап, бәсекеге сай қабілеттері мен саяси сауаттылықтарын арттырды.
Бұл біздің бірінші де, соңғы да жеңісіміз емес. Біз әлі талай белестерді бағындырамыз.