Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы бойынша «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясының өткізілуі туралы ақпарат
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы бойынша «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясының өткізілуі туралы ақпарат
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2022 жылғы 27 шілдедегі №03-2009 хатына сәйкес 2022 жылдың 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық!» ұранымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы мектепте өткізілуде.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету.
Осы мақсатта мектепте қайырымдылық акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, айлық жоспары құрылып, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы шеңберінде барлық мұқтаждарды қамтамасыз ету, әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға көмек көрсету мақсатында жұмыс жасалуда.
Акция шеңберінде ата-аналар қауымдастығы мен мұғалімдер кеңінен тартылып, әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға көмектер көрсетіліп жатыр.