22
февраль
2022
«Мектептегі тәлімгерлік жұмыс – шығармашылық бастауы» тақырыбында облыстық оқу – тәжірибелік семинар өтті.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сай 2022 жылдың 17 ақпан күні «Мектептегі тәлімгерлік жұмыс – шығармашылық бастауы» тақырыбында облыстық оқу – тәжірибелік семинар өтті. Семинарда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Ж.Иманбекова «Мектептегі тәлімгерлікті дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында мектептің тәлімгерлік қызметінің ұйымдастырылуы және тәлімгердің міндеттері туралы сөйледі. Химия пәнінің мұғалімі А.М.Тұрарова «Тәлімгердің шеберлік сағаты» тақырыбында тәлімгер мен тәлім алушының құжаттарын рәсімдеу, жылдық жоспарларын құру, тәлім алушысымен атқарған жұмысының нәтижесі жайлы өз іс-тәжірибесімен бөлісті.