«Әдістемелік бірлестік жетекшілері қызметтерін сапалы ұйымдастыру жолдары»
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Меркі ауданының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 4 наурыз күні «Әдістемелік бірлестік жетекшілері қызметтерін сапалы ұйымдастыру жолдары» тақырыбында аудандық вебинар өтті. Вебинарда Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының химия және биология пәндер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Тұрарова Айбат Маратқызы «Химия, биология пәндері әдістемелік бірлестігінің қызметі – педагогтардың кәсіби құзіреттілігі мен біліктілігін көтерудің негізі» тақырыбында әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі құжаттары мен бөлімдері туралы айтты. Ол мектептегі әдістемелік жұмыстарды жүйелі жүргізіп, жаңаша жоспарлау оқу-тәрбие үрдісінің сипаты мен мұғалімдердің шығармашылық деңгейлерінің артуына көп септігін тигізетіні жайлы өз іс – тәжірибесімен бөлісті.