Әдеби подиум Ахмет Байтұрсынов
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы
Ақпарат
20.09.2022 жылы Мектеп кітапханасында «Алаш көсемі – Ахмет Байтұрсынов» атты әдеби подиум өтті. Кітап көрмесіне А.Байтұрсыновтың портреті, өмірбаяны, шығармашылығы, кітаптары ғылыми еңбектері туралы мағлұматтар дәйектеме сөздер түрлі мәліметтер қойылды.
Мақсаты 1.Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу 2. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. 3. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
А.Байтұрсыновтың еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахаң Мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті өзінің басшысы деп санайды. А.Байтұрсынов ашқан қазақ мектебі, түрлеген ана тілі, салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.
-Әрине, тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.
Бір басында сан-салалы өнер тоғысқан тілегей-теңіз энцикло-педиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа бастаудан асқан бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемі.
Әдеби подиум 9 сыныптармен өтті. Іс-шараны жүргізген кітапханашылар: Медеуова Б, Нусупова Б.