Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау (қараша)
Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау (қараша)
2021 жылдың қараша айында бракераждық комиссия мүшелері ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау мақсатында тексеру жүргізілді. Тексеру барысында ас блогының қызметшілерінің киімінің, қолының тазалығына баса назар аударылды. Бет, мойын, қол терісінде жаралар, кесілген жарақаттар, күйіктер анықталмады.
Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеріп, ас үйде 14 үстел, 84 орындық, 10 қол жуғыш талапқа сай қойылған, дегенмен: қолдың суын кептіргіш құрал орнатылмаған, сондықтан, қол сүртетін қағаздары болмай шығып, ескертуден кейін қойылды. Асхана қызметшілері шеті сынған, жарылған ыдыстарды оқушылар үшін қолдануға тыйым салынатыны туралы біледі және қолданыста жоқ екені анықталды.Барлық жұмыскерлер қолының тазалығына баса назар аударылды, сақина, сағат т. б. заттар анықталған жоқ. Киімі таза санитарлық киімде жұмыс істеуде.Ас блоктарының жұмыскерлеріне санитарлық киімдерінде түйреуіш, ине т. б.заттар анықталмады, арнаулы киімдердің қалталары бос болды.