Бракераждық комиссияның І тоқсаңның қорытынды анықтамасы
Иван Трубицын атындағы № 17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жағдайын бақылау бойынша құрылған бракераждық комиссияның І тоқсаңның қорытынды
АНЫҚТАМАСЫ
2021-2022 оқу жылы
Иван Трубицын атындағы № 17 жалпы орта білім беретін мектеп –гимназиясында мектепішілік бракераждық комиссиясының мүшелері окушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстарына тексеру жүргізді.
Тексеру барысында төмендегі жағдайлар анықталды:
Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылған. Биылғы оқу жылына арналған оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыруға іс-шара жоспары жасалған.
Тексеру нәтижесінде бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына бақылау жүргізілген. Ыстық тағам ас мәзіріне сәйкес дайындалған.
Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикі заттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орындар жабдықталған.
Асхана жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайдығ қолдың тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді. Тамақ ішетін залда мектеп басшысы бекіткен мәзір ілінген, онда тағамдардың атауы, әрдайын тағамның шығымы көрсетілген. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келеді.
Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылған.
Ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырып отырады. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылған) шыны ыдысқа салған. Тоңазытқыштағы температура +3С көрсетіп тұр.
Тексеру қорытындысы қанағаттанарлық.
Шешімі:
1. Мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары талапқа сай деп бағалансын.
2. Медициналық қызметкер Д.Батиева тағамдардың талапқа сай дайындалуын, аспазшылардың денсаулығының дұрыстығын үнемі бақылауда ұстасын.