№ 17 ЖОББМГ КММ тамақтандыру сапасын тексеру комиссиясының отырысының хаттамасы
Тамақ сапасын мониторингілеу комиссиясы
№ 17 ЖОББМГ КММ тамақтандыру сапасын тексеру
комиссиясының отырысының хаттамасы
2021 жылғы 15 қыркүйек
Қатысқандар: 6 адам
Күн тәртібі
- 2021 – 2022 оқу жылына мектеп асханасының № 17 ЖОББМГ оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Тыңдалды:
1.Мектептің әлеуметтік педагог Г.Г.Мырзахметова, қатысушыларды мектеп асханасының жұмысы бойынша сапалы тамақтандыру мониторингі бойынша комиссия рейдтерінің қорытындысымен таныстырды (жалға алаушы ЖК Мырзабаева Л.Т.) Комиссияның шығуы аптасына 1 рет.
Тексеру мақсаты: азық-түлік сапасын тексеру, тамақты дайындау технологиясын, асхананың тоңазытқыш-технологиялық жабдықтарын тексеру, дайын тамақтар мен азық-түліктің сақталу талаптарының орындалуын тексеру.
Мектеп асханасында 4 адам жұмыс істейді, атап айтқанда 1 аспазшы, 1 аспазшының көмекшісі, 1 наубайшы, 1 ас үй жұмыскері
Медициналық кітапша және жұмысқа жарамдылық рұқсаты асхананың барлық қызметкерлерінде бар. Жаппай оқыту қоры қаражаты есебінен аз қамтылған отбасы балалары үшін тегін тамақпен 159 оқушы қамтамасыз етілген. Адам басына бір тамақтану құны 450 теңгені құрайды. Қалған оқушыларды тамақпен қамту ата-анасының есебінен төленеді.
Асхананы жалға алушы Карабаев Т азық-түлік сертификаттарын ұсынды. Азық-түлік кестеге және сұранысқа байланысты әкелінеді.
Ас ішу блогында 2 тоңазытқыш бар, оларда температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Күн сайын аспазшы дайын тамақтың тәуліктік бақылауын іске асырады. Ас ішу блогынын өндірістік аумағында, шкафтар, стелаждар, санитарлық-техникалық жабдықтар жақсы жағдайда. Ас ішу үстелдері ыстық сумен жуғыш құралдарды қосу арқылы жуылады. Күн сайын мектеп директорымен бекітілген ас мәзірі ілінеді. Мектеп медбикесі бракераж журналын күн сайын толтырады. Шикі және дайын тамақтардың журналы бар. Асхананың санитарлы-гигиеналық жағдайы жақсы, барлық талаптар орындалады.
Шешімі: № 17 ЖОББМГ асханасының буфеттік және ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметі келісімге сәйкес қанағаттанарлық болып есептелсін.
1. Тлеубердиева Г.Е.
2.Байгашева В.Т.
3.Джамбабаева Г.Б.
4.Батиева Д.
5.Коханова Б.М.
6.Рахметова Ф.Т.