26
май
2026
«Білімім – Отаныма!»


🔰«Білімім – Отаныма!» атты республикалық сынып сағатының мақсаты – жас ұрпақтың бойына білімге құштарлықты, елге деген сүйіспеншілікті, адалдық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Қазіргі таңда білім – әр адамның ғана емес, тұтас мемлекеттің дамуының басты күші. Білімді ұрпақ – ел болашағының кепілі. Сондықтан әр оқушы өз білімін тек жеке жетістік үшін емес, туған Отанының өркендеуі үшін жұмсауы қажет.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, отансүйгіштік құндылықтары ерекше маңызға ие. Адал адам – қоғамның тірегі. Еңбекқор адам – биік белестерді бағындырады. Жауапкершілігі жоғары азамат – ел сенімін ақтайды. Ал Отанын сүйетін ұрпақ – мемлекеттің жарқын болашағын қалыптастырады.
«Білімім – Отаныма!» деген ұстаным әрқайсымыздың жүрегімізден орын алсын!
Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын, білімді ұрпақтың қолында!