12
декабрь
2025
«Жас Қыран» ұйымынан «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына ресми түрде қабылдануы




✨ Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының жас буыны үшін ерекше тарихи сәті өтті. Бүгінгі күн – 5 сынып оқушыларының «Жас Қыран» ұйымынан «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына ресми түрде қабылдануы өтті. 🇰🇿💙
Бұл – балалық пен жауапкершіліктің, арман мен патриоттық рухтың тоғысқан мерекелік әрі мәні терең патриоттық іс-шарасы болды. Әнұран шырқалып, көк байрағымыз желбіреген сәтте жүректерде мақтаныш, көздерде қуаныш сезілді.
💙 «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы – еліміздің болашағын тәрбиелейтін, ұлтжанды, адал азаматты, парасатты, білімді тұлға қалыптастыруға бағытталған ұйым.
🎯 Ұйымның мақсаты:
Оқушыларды Отанын сүйетін, ел болашағына бейжай қарамайтын, патриот етіп тәрбиелеу!
ДТІЖО Б.О. Куанышова сөз сөйлеп,
-Жас ұрпақтың бойында адамгершілік, еңбекқорлық, белсенділік, көшбасшылық қасиеттерін дамыту;
Қоғамдық өмірге, мектеп іс-шараларына, тәжірибелік жұмыстарға маңызды үлес қоса алатын жас буынды қалыптастыру екенін айтып өтті.
✅ Міндеттері:
Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, тарих пен мәдениетті қадірлеуге баулу;
Оқушылардың шығармашылығын, таланты мен қабілетін ашуға жағдай жасау;
Қоғамға пайдалы бастамаларды қолдап, жауапкершілік сезімін нығайту;
Мектеп ішінде және одан тыс қоғамдық өмірге белсенді қатысуға ынталандыру.
🌟 Бүгінгі ант беру рәсімі — жас ұландардың жүректеріне Туған елге адал қызмет етуге деген сенім ұялатты. Әр баланың омырауына тағылған көгілдір галстук – тек белгі емес, үлкен сенім мен үміттің символы.
Болашақтың жарқын жұлдыздарына айналғалы тұрған жас ұландарымызға игі жол, биік мақсат, асқақ арман тілейміз!
💫