20
апрель
2026
Мектебімізде маңызды кездесу өтті

🔰Мектебімізде маңызды кездесу өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), полковник Шаповалов Евгений Валерьевич білім ордамызға арнайы келді.
Кездесу барысында құрметті қонақ оқушыларға әскери қызметтің маңыздылығы, Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екендігі туралы тағылымды әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, Шекара академиясына түсу талаптары, білім алу мүмкіндіктері мен болашақтағы қызмет жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Әсіресе, әскери салаға қызығушылық танытып жүрген түлектер үшін бұл кездесу өте пайдалы әрі мотивациялық болды.
Кездесу соңында мектеп ұжымы құрметті қонаққа алғысын білдіріп, болашақта мұндай тағылымды кездесулер жалғасын табатынына сенім білдірді.