📍Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Қыздардың жыныстық дамуының алғашқы кезеңдері» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды. 📌Шараға арнайы қонақ ретінде Меркі аудандық көпбейінді ауруханасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру басшысы Адешова Халбүбі Жексенбиевна және аудандық аурухананың медбикесі Уалиева Эльмира қатысып, қыз балаларға жасөспірім кезеңнің ерекшеліктері, жеке бас гигиенасы мен денсаулықты сақтаудың маңызы жөнінде түсінікті әрі пайдалы мәліметтер берді.
Кездесу ұйымдастырылып, ашық әрі еркін форматта өтуіне жағдай жасалынды. Қыздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі сенімді жауаптар алды.
Бұл шара оқушыларға сенім сыйлап, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үндеген тәрбиелік мәні зор кездесу болды. 🌸