22
сентябрь
2023
2023 жылдың 22 қыркүйек күні Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясының кинозалында 8-11 сынып қыз балаларымен кездесу өтті.
2023 жылдың 22 қыркүйек күні Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясының кинозалында 8-11 сынып қыз балаларымен кездесу өтті. Кездесуге аудандық СӨС дәрігері Мухаметкалиева Айдана Нуртайқызы, «Ұшқын » жастар денсаулық орталығының психологы Метеркулова Аяулым Нурланқызы, әлеуметтік қызметкері Секербекова Шынар келді. Кездесуде «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Суицидті мінез құлық», «Контрацепция әдістері» атты тақырыптар аясында өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығының, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру; Оқушылардың гигиеналық мәдениетін қалыптастыру, сұлу да сымбатты, дені сау және рухани жан дүниесінің таза болуын ықпал ету; Салауатты өмір салтын бағыттай отырып , адамгершілігі жоғары қыз баланы тәрбиелеу.
Етеккір келгенде не істеу керек? Етеккір қанша жастан бастап келу керек? деген сұраққа гинеколог өз ойын түсіндіріп берді.
Гинеколог «Қалаусыз жүктілік» тақырыбында қыз балаларға өзінің пікірін айтып өтті.
Таза ауада серуендеу , бөлмелерді жиі желдету, пассивті темекі шегуге жол бермеу, адамгершілік - ерте жыныстық қатынастан аулақ болу, дұрыс тамақтану туралы әңгіме айтылды.
Және де қыздар арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында сұрақтар қойылып, адамгершілік жыныстық тәрбие беру туралы әңгіме жүргізді.