30
январь
2026
“Жеңгелер клубының”


📘 И.Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында
“Даналық мектебі” аясында “Жеңгелер клубының” ұйымдастыруымен
«Жеңге өнегесі – қыздарға үлгі» тақырыбында тағылымды сырласу кеші өтті.
📌Мақсаты – қыз балалардың әдептілік, ұлттық салт-дәстүр, отбасылық құндылықтар жөніндегі танымын кеңейту, сондай-ақ жеңге мен қайын сіңлі арасындағы сыйластық пен рухани байланысты нығайту болды.Кеш барысында қатысушылар арасында ашық сұхбат ұйымдастырылып, қыз тәрбиесіндегі жеңгелердің орны, үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынас, киім кию мәдениеті мен дастархан әдебі туралы мазмұнды ойлар ортаға салынды. Сонымен қатар жеңгелер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, орамал тағу, шай құю әдебі, дастархан сәндеу секілді ұлттық тәрбиенің маңызды қырларын іс жүзінде көрсетті.
🌿 Тәрбиелік мәні зор бұл кеш қатысушыларға рухани азық беріп, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге, ізеттілік пен инабаттылықты бойға сіңіруге ықпал етті.