27
январь
2026
Дифференциалды оқыту — барлығына бірдей мүмкіндік

🔰Дифференциалды оқыту — барлығына бірдей мүмкіндік
Мектепте инклюзивті білім беруді дамыту және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Дифференциалды оқыту: барлығына бірдей мүмкіндік» тақырыбында семинар өтті.
📌Семинардың басты мақсаты:
ЕБҚ бар оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ жоспарларын сапалы бейімдеуді үйрету және әр баланың әлеуетін ашуға жағдай жасау.
📍Семинарда пән мұғалімдері Н.Черкасова мен Г.Архабаева инклюзивті сыныпта жұмыс істеуге арналған сабақ жоспарын бейімдеудің практикалық жолдарымен таныстырды. Семинарда қарастырылған практикалық мәселелер:
Тапсырмаларды деңгейге бөлу: Бір оқу мақсатына әртүрлі қиындықтағы жолдармен жету әдістері.
Сабақты бейімдеу (Адаптация): Оқу материалын визуалды, аудио және тактильді деңгейде ұсыну формалары.
Бағалаудың икемділігі: ЕБҚ балалар үшін критериалды бағалау жүйесін қалай тиімді қолдану керек?
«Дифференциация — бұл жай ғана әртүрлі тапсырма емес, бұл — әр баланың табысты болуына жасалған көпір» деген тұжырым іс-шараның басты ұранына айналды.