14
январь
2026
“ Математика және физика пәндерінде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану және саралап оқыту технологиясын зерттеу”

🔰2025 жылдың 28 қараша күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында математика пәні мұғалімдері Ердалиева А.Б., Қалас А.А. және физика пәні мұғалімі Пірманқұл Д.Ә. “ Математика және физика пәндерінде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану және саралап оқыту технологиясын зерттеу” тақырыбында семинар өткізді.
📌Семинардың мақсаты математика және физика сабақтарында заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану және саралап оқыту технологиясының оқыту сапасына әсерін анықтау.Семинар барысында пән мұғалімдері заманауи оқыту әдістері, саралап оқыту технологиясының ерекшеліктері, тиімді қолдану жолдары мен практикалық мысалдарымен бөлісті. Сонымен қатар, пән бойынша оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдер мен тәжірибелер ортаға салынды.