01
декабрь
2025
Заманауи инклюзивті білімнің басты мақсаты


🔰Әр баланың дарынын ашуға мүмкіндік беру – “заманауи инклюзивті білімнің басты мақсаты”.
📎Мұғалімдер, әлеуметтік педагогтер мен психологтар тығыз байланыста жұмыс атқарып, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыстар жүргізілуде.
📍Сабақтарда “дифференциалды тәсілдер” қолданылып, оқушылардың қажеттілігіне сай түзету-дамыту сабақтары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ата-аналармен кері байланыс орнатылып, бірлескен іс-шаралар арқылы балаға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Мұндай жұмыстардың барлығы ерекше білімді қажет ететін балалардың әлеуметтенуіне, білім сапасының артуына және өз қабілеттерін толық көрсетуіне ықпал етеді. Ата-аналармен ынтымақтастық нығайып, отбасы мен мектеп арасындағы сенім артып келеді.