01
декабрь
2025
Мектептің әлеуметтік педагогтары мен психологтары қорғаншылық пен қамқоршылықтағы балалардың үй жағдайымен танысты

🔰Мектептің әлеуметтік педагогтары мен психологтары қорғаншылық пен қамқоршылықтағы балалардың үй жағдайымен танысты.
📍Тексеру барысында балалардың тұрмыс жағдайы, психоэмоционалдық ахуалы, оқу құрал-жабдықтарымен қамтылуы мен ата-ана тарапынан көрсетілетін қолдау деңгейі сарапталды. Сонымен қатар, баланың оқуға ынтасы мен тәртібіне, күнделікті режиміне назар аударылды.
📎Ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, баланың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына жағдай жасау бойынша ұсыныстар берілді. Бұл жұмыстар балалардың әлеуметтік бейімделуіне және сапалы білім алуына мүмкіндік туғызуға бағытталған.