«Инклюзивті сынып: табыс құпиялары» коучингі » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Инклюзивті сынып: табыс құпиялары» коучингі
27
январь
2026

«Инклюзивті сынып: табыс құпиялары» коучингі




🔰«Инклюзивті сынып: табыс құпиялары» коучингі
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2026 жылдың 26 қаңтар күні пән мұғалімдері Мирзагулова Г.Б, Бондаренко Е.В. инклюзивті мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Инклюзивті сынып: табыс құпиялары» тақырыбында коучинг өткізді.
📌Коучингтің негізгі мақсаты – педагогтердің инклюзивті сыныпта жұмыс істеу құзыреттілігін арттыру, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды қолдаудың тиімді жолдарымен таныстыру. Іс-шара барысында инклюзивті білім берудің қағидалары, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, әр баланың мүмкіндігін ескере отырып оқыту тәсілдері кеңінен қарастырылды.
📎Қатысушылар топтық жұмыстарға қатысып, нақты жағдаяттарды талдап, тәжірибе алмасты. Интерактивті әдістер арқылы мұғалімдер инклюзивті сыныптағы табыстың басты құпиялары – қабылдау, қолдау, ынтымақтастық және тең мүмкіндік екенін айқындады.
✒️Коучинг соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар іс-шараның мазмұнды әрі тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болғанын атап өтті. Мұндай коучингтер инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға және педагогтердің кәсіби дамуына оң ықпал етеді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив