10
октябрь
2025
«Менің анам»

📒Қазан айының 09.10.2025 күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес әдістемелік айлықтың алғашқы сабағы өтті.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мирзагулова Гүлнұр 2 “В” сынып оқушыларымен «Менің анам» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
📒Сабақ барысында оқушыларды «ана» тақырыбы арқылы мейірімділікке, ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеуге бағыттады.Оқушылар аналар туралы өлең, мақал-мәтел, жұмбақтар айтты. «Менің анам» тақырыбында өз ойларын айтып, сурет бойынша сөйлемдер құрап, шағын мәтін жазды. Топтық және жұптық жұмыстар ұйымдастырылды. «Анамның қолы – мейірім», «Анаға арнау» сияқты тапсырмалар арқылы оқушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
📒Оқушылар ананы қадірлеу, сыйлау, жақсы көру жайында өз ойларын еркін жеткізе алды. Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылардың белсенділігі жоғары болды.Формативті бағалау жүргізілді.Қалыптастырушы бағалау парақтары арқылы оқушылар өз жетістіктерін бағалады.
📒Сабақтың өн бойында оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігі мен құрметі айқын байқалды.