04 ноябрь 2022 0 1 2 3 4 5 «Шебер бала» Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айдарбекова И.П 3 «б» сынып оқушыларымен «Шебер бала» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Тақырыпқа сәйкес оқу мақсаты алынып, сол бойынша тапсырмалар орындалды.Сабақ барысында сабақтың тақырыбын «Болжау» әдісі бойынша бейнежазба көрсетілді. Мәтінмен жұмыс бойынша «Аквариум» әдісі арқылы оқушылар балықтардың жасырған сұрақтарына нақты,жүйелі жауап берді.Жазба жұмыстарын да қатесіз, сауатты орындап көрсетті. Сонымен бірге, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мыкышова Ақмарал 3 «Б» сыныбының екінші тобымен "Мейірімді Нұрай" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік тілдегі білімдерін пысықтау, одан әрі нығайту,толықтыру, өз пікірлерін жеткізе білуге дағдыландыру. Оқушыларды Отан сүйгіштікке, мейірімділікке, адалдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.Оқушылар сабақ барысында әр жауаптарына қағаздан қиылған ақшалармен бағаланды. Соның нәтижесінде ең көп қағаз ақша жинаған оқушылар сабақтың соңында өздеріне ұнаған шоколадтарды сатып алды. Бұл бағалау арқылы біріншіден, оқушылардың сабаққа белсенділігі артса, екіншіден, қаржылай сауаттылықтары артуына септігін тигізді. Сабаққа білім алушылар белсенді қатысып отырды