28
октябрь
2022
"Мысық, Әтеш және Түлкі"
Иван Трубицын атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестік айлығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Толеушова .С.Е. "Мысық, Әтеш және Түлкі" тақырыбында 4" Б" сынып оқушыларымен ашық сабақ көрсетті. Оқу мақсаты тақырыпқа сай алынып, жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тапсырмалар әзірленген . Мұғалім ашық сабағын заман талабына сай жаңа әдіс - тәсілдерді , оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалана отырып , интерактивті тақтамен сабақ көрсетті . Тақырыпты болжау барысында суреттер көрсетілді . Сабақ барысында "Ой шақыру " әдісі арқылы сұрақтарға жауап берді . Сөз тіркестерін , сөйлем құрады . Бейнеүзік арқылы ертегіні тамашалады . Оқушылар ертегі кейіпкерлерін сипаттай білді . Саралау тапсырмалары берілді. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырды. Оқушылар кері байланыс арқылы стикерге жазып, сабақтың тусінікті әрі қызықты өткенін білдірді.