Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
27 қыркүйек күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді.
Мектеп асханасында қыркүйек айында 849 білім алушы тегін тамақтанады . Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Асхана қызметкерлердің сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай.
Тағам ас мәзіріне сәйкес, бәрі нормаға сай беріледі. Дайындалған тағамның сапасы жақсы, дәмді. Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтайды. Тоңазытқыш – технологиялық жабдықтар жақсы жұмыс істеп тур. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Тоңазытқыш жабдығының санитарлық жағдайы үнемі бақылауда ұстау, тауар көршілестігін сақтау аспазши Жантаева А. және медбике Д.Батиеваға жүктелді;
Келген азық түліктің сертификаттары түгел тексерілді, сәйкестендірілді, сапасы жақсы, жарамдылық мерзімі сақталады.
Ауыз су режимі сақталады. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген.
Тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыс бар. Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған.
Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Аспазшылар қағаз сүлгілер пайдаланады.
Мониторинг нәтижесі бойынша акт рәсімделіп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жауапты мамандарға кемшіліктерді жою туралы келесі ұсыныстар берілді:
- Нан цехында үнемі арнайы нан қоқымын жинайтын ыдысты қолдану аспазши А.А.Жантаеваға міндеттеу;
Орындаған: ДОІЖО Жанбабаева Г.Б.