Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
07
ноябрь
2023

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы

АҚПАРАТ

       7 қараша  күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді.  

      Мектеп асханасында  қараша айында 874 білім алушы тегін тамақтанады, қалған білім алушылар ата – ананың есебінен тамақтанады. Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық.  Ас блогындағы светодиодный  лампаның жарықтандыру жүйелерінің бір көзі күйіп кеткен. Қоймаға бір қосымша лампа орнату керек. Бір терезенің москит торы жыртылған. Асхана қызметкерлердің сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай.

      Тағам ас мәзіріне сәйкес, бәрі нормаға сай беріледі. Дайындалған тағамның сапасы жақсы, дәмді.  Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтайды. Тексеру барысында, білім алушылар қол жуатын жерде сұйық сабын ыдысын дозаторы істемей тұрғаны анықталды. Тоңазытқыш – технологиялық жабдықтар жақсы жұмыс істеп тур.   Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған.  Келген азық түліктің сертификаттары тексерілді, сәйкестігі,   жарамдылық мерзімі. Ауыз су режимі сақталады. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген. Тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыс бар. Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Аспазшылар қағаз сүлгілер пайдаланады. 

Жүргізілген асханадағы тексеру сарапталып, ұсыныс берілді: 

  1. Ас блогындағы күйіп кеткен светодиодный  лампаның жарықтандыру жүйелерінің бір көзін ауыстыру, қоймаға тағы бір лампа орнату, москит торын жаналату - ДШІЖО К.Ж.Тажибаеваға жүктелді.
  2. Қол жуатын жерде бір сұйық сабын ыдысы ауыстыру аспазши А.Жантаеваға жүктелді.
  3. Білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия тарапынан үздіксіз қадағалансын.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив