28
ноябрь
2023
«Өзін -өзі басқару ұйымының» Мектеп парламентін ұлықтау рәсімі өтті.
Мектебімізде оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа бағыттайтын «Өзін -өзі басқару ұйымының» Мектеп парламентін ұлықтау рәсімі өтті.
Мақсаты: Балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауакершілікті сезіне білуді қалыптастыру. Оқушының дүние - танымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
Ұлықтау салтанатының ашылуын 5-6 сынып оқушыларының «Қазақстаным» атты хорымен ашып, осы іс – шарада мектебіміздің өзін – өзі басқару парламентінің сайлауында жеңіске жеткен 10 «Г» сынып оқушысы Қойшыбай Думанды сахнаға шақырып және парламент фракцияларын жеке – жеке таныстырып өтсе, мектебіміздің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубында таныстырып шықты. Және де 6 «Г» сынып оқушысы Құдайберген Санжардың «Мен қазақпын» атты әнін орындаса, 7 «Ә» сынып оқушысылары «Қазақ» биін мың бұрала биледі.
Мектеп директоры Қалқабаева Асипа Асановна жаңа президент Қойшыбай Думанды жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оған толағай табыстар тіледі. Өз кезегінде, Думан оқушылар мен ұстаздар алдында мектебіміздің жарғысына қолын қойып, салтанатты ант беріп, мектеп оқушылары мен ұстаздарының өзіне артқан жоғарғы сеніміне алғысын білдіріп, мектеп директоры мен ата – аналарға сөз кезегі берілді. Мектеп директоры Қалқабаева А.А. 2022-23 өткен оқу жылының өзін – өзі басқару парламентінің Президенті мен фракция мүшелеріне мадақтамаларын табыс етті.