11
ноябрь
2022
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында өзін - өзі басқару парламентінің президентіне сайлау өтті.
2022 жылдың 11 қараша күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында өзін - өзі басқару парламентінің президентіне сайлау өтті. Өзін - өзі басқару парламентінің президентіне үміткерлер мектебіміздің 10- сынып оқушылары- Абдрахманұлы Алибек, Қабылбек Мэкка, Бисенгали Ерасыл, Жақан Аруна, Кадиров Хамза. Сайлауға мектебіміздің 8-9-10 сынып оқушылары, барлығы 381 оқушы дауыс берді. Ал комиссия мүшелері қатарында мектеп психологтары Ойшиева Г.Д. мен Тлеужанова Т.А, мектебіміздің президенті Сарыбай Аружан, «Адал ұрпақ» клубының төрайымы Ахтанберді Нұрай, клуб мүшелері Ахтанберді Адема, Базарбай Дана болды. Сайлауда мектебіміздің директоры Қалқабаева Асипа Асанқызы сөз сөйлеп, үміткерлерге сәттілік тіледі. Комиссия мүшелеріне сайлау парақшаларын берді.
Сайлау мектебіміздің дәлізінде сағат 10.00 – 12.00 –ге дейін сайлау төрайымының бақылауымен өтті, әр сынып кезекпен келіп өз дауыстарын берді. Сайлау сағат 12.00 - де аяқталды. 12.30 –да комиссия мүшелері әр бюллетеньді санап, нәтижесін шығарды. Сайлау нәтижесінде ең көп дауыс жинаған Қабылбек Мэкка 113 дауыспен алға шықты. Бисенгали Ерасыл 97 дауыс , Абдрахманұлы Алибек 91 дауыс, Кадиров Хамза 63 дауыс, Жақан Аруна 17 дауыс жинады.