09
декабрь
2021
2021 жылдың 9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай мектебімізді өзін – өзі басқару парламентінің Президентінің инаугурациясы өтті
2021 жылдың 9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай мектебімізді өзін – өзі басқару парламентінің Президентінің инаугурациясы өтті. Инаугурацияның ашылуын 3 «Г» сынып оқушыларының «Патриоттық флешмобымен» және Береке Ақерке мен Нұрхожа Кәусардың "Тәуелсіз қазақтың қызымын" атты әнімен іс- шараны ашты. Осы іс – шарада мектебіміздің өзін – өзі басқару парламентінің сайлауында жеңіске жеткен 10 «Б» сынып оқушысы Сарыбай Аружанды сахнаға шақырып және парламент фракцияларын жеке – жеке таныстырып өтті. Сарыбай Аружан мектебіміздің жарғысына қолын қойып ант берді. Кеш соңында мектеп директоры мен ата – аналарға сөз беріліп, мектебіміздің директоры Тлеубердиева Г.Е. 2020-21 өткен оқу жылының Парламент Президенті Горькийқызы Толғанай мен ұйымның мүшелеріне алғыс хатын берді.