02
декабрь
2022
2022 жылдың 1 желтоқсан күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында өзін – өзі басқару парламентінің Президентінің инаугурациясы өтті.
2022 жылдың 1 желтоқсан күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында өзін – өзі басқару парламентінің Президентінің инаугурациясы өтті. Инаугурацияның ашылуын 4 «Г» сынып оқушыларының Патриоттық флешмобымен іс – шараны ашты. Осы іс – шарада мектебіміздің өзін – өзі басқару парламентінің сайлауында жеңіске жеткен 10 «Ә» сынып оқушысы Қабылбек Мэкканы сахнаға шақырып және парламент фракцияларын жеке – жеке таныстырып өтті. Және де 6 «Ә» сынып оқушыларының «Домбыраның күмбірі» атты биін билесе, 2 «А» сынып оқушысы Нұрболқызы Салтанат «Отаным» әнін орындады. Қабылбек Мэкка мектебіміздің жарғысына қолын қойып ант берді. Кеш соңында мектеп директоры мен ата – аналарға сөз беріліп, мектебіміздің директоры Қалқабаева А.А. 2021-22 өткен оқу жылының өзін – өзі басқару парламентінің Президенті Сарыбай Аружан мен ұйымның мүшелеріне алғыс хат берілді.