білім алушыларды бір мезгіл тегін тамақпен ұйымдастырылу сапасына мониторинг жүргізу Анықтама
Иван Трубицын атындағы № 17 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясында білім алушыларды бір мезгіл тегін тамақпен ұйымдастырылу сапасына мониторинг жүргізу
Анықтама
Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру білім алушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз.
Мектеп білім алушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді:
·адам денсаулығының іргетасы бала жасынан қалыптасады, сәйкесінше, денсаулық сақтау бойынша әдеттері мен дағдыларын, денсаулыққа құндылықты қатынастарын аталмыш кезеңде қалыптастыруды бастаудың мақсаттылығы жоғары;
·осы жаста салауатты өмір салты негіздері бала арнайы жобаланатын қызмет барысында меңгеретін нормалар мен ережелер жинағы ретінде қалыптасады;
·адам дамуындағы мектептегі кезең адам ағзасының даму ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау мен дамыту әдістері мен факторлары туралы негізгі білімді қалыптастыру үшін сезімтал болып табылады.
Мектепте тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізледі, білім алушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.
Мектеп медбикелері жеткізілетін өнімдерді қадағалайды, олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау жүргізеді, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі.
Мектепте барлық білім алушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Бастауыш сыныптарда тегін тамақтандырумен қамту 100 %, ал орта буын және жоғары сыныптарда 6,2 % құрайды.
№ 17 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттер:
- әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан білім алушыларды тегін тамақтанумен қамту;
- ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен білім алушыларды рационалды тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;
- мектептің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;
- қызмет көрсетудің жаңа озық формаларын дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;
- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- ата-аналар (заңды өкілдер) мен білім алушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.
2023 жылдың 1 қыркүйегінде білім алушылардың ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылған, тегін тамақ алуға құқығы бар 1 – 4 сынып оқушылары және 5 – 11 сыныптағы оқитын оқушылардың тізімдік құрамы бекітілген.
Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жатқызылатын білім алушылардың санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған.
Барлық шешімдерді ұсынылған құжаттар (ата-аналарының өтініші, санатын растайтын анықтама, сынып жетекшісі мен әлеуметтік педагогтың жағдайы төмен отбасын тексеру актісі) негізінде қабылданды.
Тегін тамақты келесі санаттарға жататын отбасылардың балалары алады:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар-52;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар – 0;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар - 4;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар - 0;
5) Бесінші санатқа (өзге де санаттарына) жататын отбасылардан шыққан балалар – 75.
Мектеп білім алушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-аналардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мектепте білім алушылардың уақытылы және сапалы тамақтандырылуы мәселелерінің шешімін табу үшін «Оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау комиссиясы» құрылған. Бракераж комиссиясының құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітілді.
Комиссия құрамына келесі өкілдер кірді: мектеп әкімшілігі, медициналық қызметкерлер, ата-аналар.
Комиссияның міндеттері:
·балалардың тамақтануын ұйымдастыруды және тағамдар сапасын (тамақтану режимі, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау) бақылауды жүзеге асыру;
·тамақтандыру кәсіпорнымен қызмет көрсету бойынша жасалған келісім-шарт талаптарының сақталуын қоғамдық қадағалау;
·білім алушылар мен ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;
·білім алушылар арасындағы тұтынушылық сұранысты талдау;
·комиссияның жұмыс жоспарын жасау, оны мектептің әкімшілігімен келісу.
Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы талаптары сақталады. Асхананың жағдайы мен дайындалған өнімдер сапасын, техникалық құрылғылардың жағдайын СанПИН нормаларына сәйкес тексеру жұмыстары ата-аналар комитетінің және білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау комиссиясы күшімен жүзеге асырылған.
Білім алушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Сынып жетекшілері білім алушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі олардың тәртібін қадағалайды.
Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Ауыз су режимі сақталынады. Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Асханаға кіреберісте білім алушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар.
Ұсыным:
- тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;
- білім алушыларға салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;
- жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;
- тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру;
Байгашева В.Т.
қырқүйек 2023