04
сентябрь
2023
2023 – 2024 оқу жылының 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені»
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп - гимназиясында 2023 – 2024 оқу жылының 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты тақырыбында салтанатты жиынға мектебіміздің 1 -11 сынып аралығындағы оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар және қонақтар қатысты.
1 қыркүйек – «Білім күніне» 2-11 сыныптар арасында мектепішілік тәрбие сағаттарын сынып жетекшілері ұйымдастырып өткізді. Ең алғашқы тәрбие сағатының тақырыбы «Мектебім – мейірім мекені» Салтанатты жиында ортаға 1 сынып оқушылары шыққан соң мемлекеттік гимнің орындалуымен және мемлекеттік тудың көтерілуімен ашық деп жарияланып, мың бұралған мектебіміздің бүлдіршіндері әсем билерімен ұласты. 1 сынып оқушылары мектеп, ұстаздарына арналған тақпақ, әндерін айтып көпшіліктің көңілінен шықты.
Салтанатты жиынға Меркі аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Иманалиева С.Б., Меркі ауылдық округінің әкімі Байарыстан Ғ.Д., Мемлекеттік кірістер басқармасының орынбасары Байтик Б. және ата – аналар комитетінің мүшесі Пирманова С.С. қонақтар қатарында болды.
Және де мектебіміздің халықаралық,республикалық, облыстық және аудандық пән олимпиада жеңімпаздары, жас ақындар, спортшылар, көркем сөз жеңімпаздары, өнер жұлдыздары шақырылып қонақтар мен ата – аналарға таныстырылды.
Мектеп директоры Қалқабаева Асипа Асанқызы оқушыларды, ата-аналарды және ұстаздарды Білім күнімен құттықтап алдағы оқу жылына сәттілік тілеп, жаңа оқу жылы толағай табыс, жетістіктер әкелуін тіледі!