09 февраль 2023 0 1 2 3 4 5 Мектепішілік «Алтын сақа» олимпиадасы Мектепішілік «Алтын сақа» олимпиадасы Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп - гимназиясында математика пәнінен 3-4 сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиада мақсаты - оқушылардың математика пәніне деген интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Олимпиадаға барлығы 64 оқушы қатысып, өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Нәтижесінде жоғары ұпай жинаған оқушылар аудандық олимпиадаға жолдама алды.