21 январь 2023 0 1 2 3 4 5 "Электронды портфолио және оның тиімділігі" Иван Трубицын атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында "Электронды портфолио және оның тиімділігі" тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Иманбекова Л.Ж. кіріспе сөзбен ашты. Электронды портфолио- мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы, мұғалім мен оқушы жетістіктерінің жинақталуы, өзіндік іріктелінуі. География пәнінің мұғалімі Орынбаева Назира Талғатқызы электронды портфолионың мұғалімдерге ыңғайлы әрі тиімді жақтарына тоқталып, өз іс- тәжірибесімен бөлісті.