21
январь
2022
2022 жылдың 21 қаңтар күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында "Рухани - адамгершілік білім берудегі мұғалімнің рөлі" тақырыбында жас мамандармен семинар өткізілді
2022 жылдың 21 қаңтар күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында "Рухани - адамгершілік білім берудегі мұғалімнің рөлі" тақырыбында жас мамандармен семинар өткізілді. Семинарды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Иманбекова Л.Ж жүргізді. Өзінтану пәнінің мұғалімдері Д.А.Абделхамидова және Г. Ж.Архабаева «Адамның адамшылдығы- жақсы ұстаздан» деп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Ұстаз берген тәрбие - әрбір жанның өміріне жол сілтейтін шамшырақ.
Семинар барысында барлық мамандықтың ішінде мұғалім мамандығының ең ардақты, ең қиын және ең маңызды екендігін түсіндірді. Сонымен қатар, мұғалім мамандығы - шабытты еңбек, шеберліктің ең жоғарғы жетістігі- оқушыны таным үдерісіне тарту, оны ізденуге, жаңалықтар ашуға ынталандыру болып табылатындығы айтылды.