13
декабрь
2022
"Оқушыларды пән олимпиадасына дайындау жолдары"
Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, бәрібір тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізеді. Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады. Желтоқсан айының 9 күні мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Айнакулова Мақпал Рахманқұлқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанибекова Гүлдерай Бекбайқызы "Оқушыларды пән олимпиадасына дайындау жолдары" тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Пән мұғалімдерінің дайындаған оқушылары республикалық пән олимпиадасында жеңімпаз атанды. Осы оқушыларды қалай дайындады және қандай жүйелі жұмыстар жүргізді? Пәндік олимпиадаға дайындық барысы туралы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңы әріптестердің сұрақ-жауап алаңына айналды.