22
ноябрь
2022
"Ұялы телефонды мектепте ұстауға тыйым салу керек"
21 қараша күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының "Ұшқыр ой" дебат клубының жетекшісі, педагог-психолог Тлеужанова Толкын Ашимбекқызының ұйымдастыруымен "Ұялы телефонды мектепте ұстауға тыйым салу керек" тақырыбында 10 сынып оқушылары арасында дебат өткізілді.
Оқушылар берілген қарарларды ашық алаңда талдай отырып, өз ойларын айқын жеткізе білді. Ұялы телефон – сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі. Қазіргі кезде қалта телефоны зор маңызға ие болып үлгерді. Тіпті мектеп табалдырығын енді аттаған жас жеткіншектердің өзі бұл телефонның соңғы үлгідегі бағалысын ұстайды. Дебат қатысушылары осы мәселенің төңірегінде өз ойларына аргументтер келтіріп, фактілермен дәлелдей білді.
Ойын соңында нәтижесі айтылып, белсенді оқушылар марапаттауға ұсынылды.
« Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп қазақ халқымыз айтқандай, ұялы телефонды қорғану ережесін сақтап қолдансақ, нұр үстіне нұр болар еді деген ой-түйінмен шара қорытындыланды.