27
ноябрь
2021
«Біз бақытты баламыз»
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2021 жылдың 25 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 2 «А» сыныбында, сынып жетекшісі Мурзахметова Нұржамал Серікқызының ұйымдастыруымен «Біз бақытты баламыз» атты тақырыбында суреттер байқауы өткізілді. Мақсаты: Бақыт, қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсініп, адами қасиеттерін дамыту, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол – балалық шағы. Ата – анасының жанында, ұйқысы қанық, қарны тоқ, балалық күлкісімен уақытын өткізетін өмірдің қайталанбас сағынышына толы кезеңі – бақытты балалық шақ. Оқушылар «Біз бақытты баламыз» тақырыбында өз ойларын қағаз бетіне салып, тақырыпты аша білді. Бұл тақырыпта сурет салу, балаларды көп ойландырады. Олардың әрбір атқан таңдары мен батқан күндері өздеріне бақыт әкелетінін әңгімелеп, қызыға отырып суреттерін салды.