28
февраль
2022
Құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының тұғырлы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына ұйымдастырылған мектеп оқушылары арасында 2022 жылдың 12 ақпанында №39 Темірбек Қожакеев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында аймақтық дебат турнирі өткізілді. Қоғамда орын алған проблемаларды екі жақты талқылау, өз көзқарастары мен пікірлерін белсенді қорғау, білім алушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған турнирге Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары "Ақиқат" фракциясында Рахым Асыл мен Мұрат Ұлан қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болып, аудандық кезеңге жолдама алды. Тілге жүйрік, ой-өрісі кең, екі жақты көзқарасы қалыптасқан, ойын емін-еркін жеткізіп, ораторлық қабілетімен көзге түскен, нағыз дарынды ойыншы ретінде Рахым Асыл "Үздік спикер" номинациясы бойынша марапатталды. Жетекшісі А.Е.Токтамуратов. Әрқашан биіктерден көрінетін мақтаныштарымыздың лайым марапаттары көп болғай!