Балық жеудің балаға пайдасы
Балық жеудің балаға пайдасы
№ 17 Иван Трубицын атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған оқушыларға «Балық жеудің балаға пайдасы» тақырыбында оқылған баяндаманың мәліметі:
Қараша айында мектепте дұрыс тамақтануды насихаттау мақсатында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» онкүндігі өтіп жатыр. 16.11.2022 ж. мектеп медбикесі Д.Батиева 2 - 4 сынып оқушыларына «Балық жеудің балаға пайдасы» тақырыбында баяндама оқыды.
Мақсаты: дәрумендер туралы ақпарат беру. Дұрыс тамақтануға үйрету.
Мектеп медбикесі Д.Батиева «Балықтың адам ағзасына пайдасы мен зияны, калориялық құрамы, қасиеттері жайында түсінік берді. Оқушылар мұқият тыңдап, балықтың адам денсаулығына көп пайдасы бар екенін ұғынып, өз ойларын ашық айтып, ойларымен бөлісті.
Балық – көптеген адамдардың ең сүйікті тағамдарының бірі. Адамдар өзен, теңіз және мұхит, сондай-ақ, ақ және қызыл, майлы және майлы емес балықтарды, яғни әркім әртүрлі балықтарды жақсы көреді.
Адамдар оны кез келген түрінде жей береді. Және ол қайнатылған, қуырылған, буланған немесе көмбештелген, тұздалған, маринадталған, ысталған, тіпті шикі балық болсын, өзінің ерекше дәміне байланысты кез-келген адамның көңілінен шығып, тәбетін ашады.
Ет тұтынатындарға қарағанда балық жейтіндер көп. Өйткені тіпті, ет жемейтін кейбір адамдар балықтың артықшылығы оның етінің құрамында екенін біле отырып, балық жейді. Оның құрамында A, D, E дәрумендері мен кальций, йод, темір, магний, фосфор, селен, мырыш бар.
Тауық еті секілді балықтың құрамында да адам ағзасы жақсы сіңіретін өте жоғары, сапалы ақуыз бар. Ол, өз кезегінде, ағзаға қажетті барлық аминқышқылдары қамтиды.
Балықтың пайдасы:
- ағза жоғары сапалы ақуызға қанығады;
- қан ұю функциясы қалыпқа келеді;
- қандағы холестеринді төмендетеді;
- қалқанша безінің функциясының қалыпқа келтіріп және оның ауруларының алдын алады;
- көру қабілетін жақсартады;
- жүйке жүйесін қалыпқа келтіріп, жадты, ұйқыны жақсартады және тітіркенуді азайтады;
- өмір сүру ұзақтығын арттырады;
- тері, шаш, тырнақ, сүйек пен тістің жағдайын жақсартады;
- зат алмасуды қалыпқа келтіреді;
- жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға және жүрек-қан тамырлар жүйесін нығайтуға ықпал етеді.
- сондай-ақ, балық жегеннен артық салмақ қосылмайды. Тіпті майлы балықтың өзі құрамындағы майлы қышқылдарының арқасында салмақ қосуға ықпал етпейді және оны тұтыну арқылы артық салмақтан арылуға болады. Сол себептен де, диетологтар салмақ тастағысы келетіндерге көмбештелген немесе суға пісірілген балық жеуді ұсынады.